Жеңіс балы

04.05.19

Ұлы Жеңістің 74 жылдығы қарсаңында 4 мамыр күні Абай атындағы кітапхана  «Жанұя орталығы» қоғамдық қорымен  бірлесе отырып «Жеңіс балын» өткізді. Мерекелік кешті Семей ішкі саясат бөлімінің басшысы Есенжолов Нұржан Ерғалиұлы ақ тілегімен ашып берді. Жастардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, Жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым ету, халқымыздың тарихын құрметтей білуге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған мерекелік Жеңіс балына Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл ардагерлері,  әскери қызметкерлер, колледж студенттері, 5511 әскери бөлімінің  әскери оркестрі мен «Жас Ұлан» мектеп-лицейінің курсанттары қатысты.

Кеш барысында ардагерлер хоры соғыс жылдарындағы «Синий платочек», «Не забывайте грозные года» сынды әндерді  әскери оркестрдің сүйемелдеуімен орындап, Балалар мен жастар сарайында тәрбиеленіп жатқан кішкентай жұлдыздар  биден шашу шашты. М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің, сондай-ақ Радиотехника және байланыс колледжінің студенттері соғыс жылдарындағы әндерге вальс биін биледі.  Мерекелік шара соңында лоторея ойнатылып, сыйлықтар берілді.  Айта кетейік, аталмыш шара жыл сайын, дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Шараның ардагерлерге беретін әсері, жас буынға беретін өнегесі мол.