Б. Майлиннің «Күлпаш» әңгімесі : оқырмандар конференциясы

06.05.19

Мамыр айының 6 жұлдызы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, үш арыстың бірі – Бейімбет Майлиннің туғанына 125 жыл толуына орай  Абай атындағы кітапханада М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің студенттерінің қатысуымен «Бейімбет Майлиннің Күлпаш әңгімесіндегі кедей бейнесі» тақырыбында оқырмандар конференциясы ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты жастарды қазақ әдебиетіне қызықтыру, әдеби-сыни көзқарас қалыптастыру, еліміздің басынан өткен қиын замандарға көз жүгіртіп, ой қорыту. Конференция барысында колледж студенттері аталмыш тақырып бойынша талдау  баяндама жасады. «Күлпаш» әңгімесінен үзінді-монолог оқылды, көріністер қойылды. Шара соңында жалпы осы әңгіме желісі турасында сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Студенттер автордың идеясын, жасырулы ойларын талқылап, өздерінше оқиғаны өрбітіп көрді.

Осындай шаралардың жиі өткізілуі жас буын арасында әдебиетке құштарлықты оятып, тұлғалық қалыптасуды, сыни ойлай білу қабілетін дамытады. Алдағы уақытта осындай шаралар жалғасын табады деп жоспарлануда.