Ел үмітін – ер ақтар, Ер есімін – ел сақтар!: атты кең көлемді көрме экспозиция

08.05.19

8 мамыр  күні Абай кітапханасында  қала тұрғындары мен  кітапхана оқырмандарына 9 – Мамыр Ұлы Жеңістің 74 жылдық мерекесіне орай Ұлы Отан соғысы кезіндегі  халқымыздың ержүректілігі мен төзімділігін паш ету мақсатында   «Ел үмітін – ер ақтар, Ер есімін – ел сақтар!»  атты тақырыпта  кең көлемді  көрме-экспозициясын ұйымдастырды.

Көрме «Ұлы Отан соғысы көркем әдебиетте», «Қаһарлы жылдар мерзімді басылымдарда»,  «Отты жылдар әуендері», «Семейліктер Ұлы Отан соғысы жылдарында», «Ұлы Жеңіс жырлары», «Қаһарлы жылдар жылнамасы», «Ұлы Отан соғысы: естеліктер мен мемуарлар», «Өнегелі өмір сериясы: Ұлы Отан соғысының қолбасшылары» атты 7  бөлімнен тұрады.

Көрме ерекше батырлық, жүректілік, батылдық танытқан Семейлік Кеңес Одағының батырлары туралы  ақпараттар, қаламгер майдангерлердің соғыс жайында жазылған көркем туындылары құжаттық, мемуарлық, көркем-әдебиеттермен толыққанды таныстырады.

Әрбір бөлімде  ардагерлеріміздің ерлігін паш ететін көркем, поэзиялық, деректі әдебиеттермен бірге соғыс жылдарында 1943-44 жылдары жарық көрген басылымдар «Екпінді», «Прииртышская правда» беттеріндегі жерлестеріміздің майдан шебіндегі ерліктері,  майдан үшін еңбек еткен тылдағы еңбекшілердің майдан қажетіне үлес қосып, фашизмді жеңіп шығуға қосқан үлесі жайында  жазылған  мақалалар оқырман қызығушылығын туғызды. Отты жылдар әуендері» бөліміне  қойылған «Бери шинель», «Последний бой», «Мы вращаем землю»,  В. Высоцкий «Сыновья уходит в бой», «Песня о друге», «Черные бушлаты», «Военные песни» грампластинкалары мен «Жеңіске арналған 100 ән» т.б. кітаптармен   Ұлы  Отан соғысы кезіндегі солдат каскасы, әскери киім салатын дорба, кружка экспонаттарымен   толықтырылды.