Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерін Жеңіс күнімен құттықтау

08.05.19

8 мамыр күні Абай атындағы кітапхана қызметкерлері Ұлы Отан соғысы және тыл ардагері Файзуллина Зайтуна Мұхаметханқызын құттықтады. 94 жастағы Зайтуна Мұхаметханқызына денсаулық , жылы тілектерімен сыйлық табыс етілді.

Зәйтуна Мухаметханқызы шай үстінде естеліктерімен бөлісті. Ұлы Отан соғысы басталған кезде Зайтуна Мұхаметханқызы 16 жаста болатын, бірақ сол кездерде Жарма ауданындағы Балықыкөл станциясында вагондарды майданға жіберіп жұмыс істеді, бірнеше жылдан кейін осы станцияның басшысы болды. Зайтуна Мұхаметханқызы тылдағы жұмыс жылдарымен, барлық тұрғындар майданның қажеттіліктері үшін пойыздар қалай жиналғанын, майданға тамақ пен қарудың қалай жіберілгенін есіне алды. Сондай-ақ, Зайтуна апа жары Ұлы Отан соғысы ардагері Ерғали Басқарбаев туралы әңгімелеп берді. Ол соғысты алғашқы күндерден бастап жеңіске дейін жалғастырды. Зайтуна Мұхаметханқызы күйеуінің марапаттарын, жастық шақтағы фотосуреттерін мақтанышпен көрсетті.