Сыбайлас жемқорлық стратегиясының негізгі ережесі: дәріс

15.05.19

15 мамыр күні Шығыс Қазақстан облыстық әмбебап кітапханасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі ережелері» атты дәріс өтеді.

Іс-шараның мақсаты: Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын насихаттау. Дәрісті Қазақстан Республикасының Құқықтық ақпарат орталығының маманы жүргізеді. Дәрісте сыбайлас жемқорлықтың қазіргі заманғы қоғамға әсері, сыбайлас жемқорлықтың түрлері және олар үшін тағайындалатын жауапкершілік түрлері қарастырылатын болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстанның мемлекеттік саясатының маңызды стратегиялық басымдығы болып табылады. Дәріскер аудиторияны сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамамен таныстырады. Дәрісте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы кітап көрмесі мен бейнежазба жүреді.

Іс-шараның медиа-тапсырмасы: құқықтық сауаттылықты арттыру.