Достоевский Семейде: «Диалог» әдеби салонының кездесуі

16.05.19

15 мамыр күні Абай кітапханасында «Диалог» әдеби салонының кезекті отырысы өтті. Кездесу әлемге әйгілі орыс жазушысы Федор Михалоевич Достоевскийдің өмірі мен шығармашылығына, оның Семейдегі өмір кезеңіне (1854-1859) арналды.

Негізгі назар «Абай әлемі» кітаптар топтамасы шеңберінде алғаш рет жарық көрген Ф.М. Достоевскийдің «Семипалатинский период» кітабында болды.
Топтамада тұңғыш рет Федор Достоевскийдің Семейде тұрған жылдарында туған шығармалары жарияланған «Семипалатинский период» кітабының тұсаукесері кеш қатысушыларының ерекше қызығушылығын тудырды, себебі бұл жинаққа Ф.М. Достоевскийдің Семейдегі өмірі, әскери қызметі мен махаббаты жайлы шынайы деректер енгізілген.
Бұл басылымға қатысты жобаның міндеті – ҚР тарихи-мәдени мұраларын сақтау, бүгінгі күні жазушының әлемдегі жеті мұражайының бірінің қызметіне көңіл аударту, мәдени туризмнің бағытын кеңейту үшін өңіріміздің имиджін қалыптастыру.
Әдеби салон қатысушыларына жазушының Семейде жазылған «Дядюшкин сон», «Село Степанчикого и его обитатели» повестері талқылап, зерттеушілер мен өлкетанушылардың мақалаларымен, Ш.Уәлихановпен достығы жайлы және Қазақстандағы Достоевскийге арналған тұңғыш музейдің ашылу тарихына қатысты мақалалармен танысты.