Біз казактармыз: этнографиялық өлкетану қонақжайы

21.05.19

Абай атындағы кітапханада 19 мамыр күні  «Біз казактармыз» тақырыбында этнографиялық өлкетану қонақжайы өтті.  Қазақстанда қазақтардан басқа, көптеген ұлт өкілдері тұрады. Біздің қаламызда 19 ғасырдан бастап әртүрлі  ұлт өкілдері тұрып келді, сондай ұлттардың бірі казактар, олар орыс патшасының бұйрығымен және қазақ хандарының өтінішімен қазақ жерін жоңғар хандығынан және Қытай елінен қорғау мақсатында қоныс аударған. Осы сәттен бастап Ресей жерінен қазақ даласына көшу басталды. Жоңғарлардың жолын бөгеу мақсатында казактар өздерінің қоныс-станцияларын құра бастады.

Өлкетану қонақжайында қала тұрғындары есімі біздің қаламен, «Алаш»  қайраткерлерімен тығыз байланысты, көрнекті ғалым, географ, этнограф, саяхаттанушы, казак – Потанин Григорий Николаевич жайлы ауқымды мағлұмат алды. Міржақып Дулатов пен Әлихан Бөкейханов ол туралы мақала жазды, Ә. Бөкейханов оның 80 жылдығына арнап өлең жолдарын арнаған. Қазақ даласында оны Гірекең, «қазақ мұңын жоқтаушы» деп атады, өйткені ол қазақ халқының төл мәдениетін сақтауға бар күшін салған еді. Қаланың казак мәдени орталығының өкілдері («Прииртышья казактары» мен «Сібір және Жетісу казактарының Оңтүстік-шығыс одағы») казак халқының салт-дәстүрімен, ән-күйімен,  әскери мәдениетімен, қару-жарақ және бас киімге байланысты аңыздарымен таныстырды. Сонымен қатар, сонымен қатар кеш қонақтары Семейдің тарихи-өлкетану мұражайында сақтаулы тұрған  210 жылдық тарихы бар казактың туы (бунчук) туралы ақпарат алды. Казак мәдени орталығы кітапханамен бірлесіп кітап көрмесін ұйымдастырды, көрмеге  Ресей, Қазақстан, Сібір және т.б. елдерде шығарылған казактардың мерзімді басылымдары, сондай-ақ ғылыми-көпшілік, тарихи және көркем әдебиеттер қойылды.