Ағылшын тілі курстары: қорытындылау

24.05.19

24 мамыр күні Абай атындағы әмбебап кітапханасында тегін ағылшын тілі курстарының аяқталуына байланысты қорытындылау шарасы болып өтті. Кітапхана оқырмандарына арналған тегін ағылшын тілі курстары наурыз айынан мамыр айына дейін жалғасты. Ағылшын тілі курстарын қорытындылау мақсатында қатысушыларға тест сұрақтары ұсынылды. Нәтижесінде курсқа барлығы 50 адам қатысып, оның ішінде 23 адамға сертификат табысталды. Курсқа студенттер, мектеп оқушылары, түрлі саланың қызметкерлері және зейнеткерлер қатысып, өздерінің тіл білімдерін жетілдірді. Тілді үйрену сабақтарында қатысушылар ағылшын тілінде тыңдау, оқу, жазу, сөйлеу дағдыларын дамытуды жүзеге асырды.

Шара соңында қатысушылар тегін ағылшын тілі курстары ұйымдастырылғаны үшін кітапхана әкімшілігі мен мұғалімдері А.С. Абельдинова мен А.Р.Валлиулинаға алғыс айтып, алған білімдері болашақта жұмысқа, шетелге саяхаттауға немесе білім алуға көп көмегін тигізетінін айтты.