Ғажайып ертегілер әлемі: кітап көрмесі

28.05.19

2019 жылдың 28 мамырында Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында балалар әдебиеті бөлімінің қызметкерлері кітапхананың жас пайдаланушыларына арналған “Ертегілердің сиқырлы әлемі” атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Жас оқырмандар әлем халықтарының ертегілерімен танысты. Әсіресе, оларға ертегі әлемімен адамдар, жануарлар және өсімдіктер байланысы туралы әңгіме ұнады.

Балалар ертегі туралы ақпаратты қызығушылықпен тыңдады, онда жануарлар адаммен сөйлеседі, тіпті ең керемет армандар орындалып, жақсылық әрқашан зұлымдықты жеңеді. Кітапхана мамандарымен бірге балалар түрлі ертегілерде және ғажайып елдерде болып, қайырымдылыққа, адалдыққа, батылдыққа және әлсіз адамдарға көмектесуге үйренді. “Шалқан” және “Бауырсақ”, “Үш аю” және “Қызыл телпек” мысалдары айтылды . Кітап көрмесіне Ш. Перро “Кот в сапогах”, П. Бажов “Малахитовая шкатулка”, Э. Т. А. шығармалары, сонымен қатар “Ер Төстік”, “Жайық және Еділ”, “Хан және бауырсақтар” және т.б. қазақ халқының ауыз әдебиетінің қызықты және танымдық ертегілерінің жинақтары қойылды. Жас оқырмандар кітап беттерін парақтап, әдемі суреттерді тамашалап, ертегілерді оқыды. Осындай қызықты көрмелер балаларға қуаныш сыйлап қана қоймай, оқуға деген қызығушылықты оятады.