Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz
Жаңалықтар
Мам 28

Кітапханадағы шығармашылық бұрыш: «Ключ» клубының авторлық ән кеші

26 мамыр күні Абай атындағы кітапханада «Кітапханадағы шығармашылық бұрыштың» осы маусымдағы қорытынды отырысы өтті. Кештің мақсаты оқырмандарды қаланың ақындары мен орындаушыларының шығармашылығымкн таныстыру болды. Кеште Тимур Аубакировтің, Андрей Гамбургтің, Екатерина Маслованың авторлық әндері шырқалды. Авторлардың әр жылдары жазылған әндері, олардың әлем мен өмірді ішкі түйсіктерімен қабылдауымен өзара үндесіп жатыр. Тимур Аубакиров махаббат, табиғат, түрлі өмірлік жағдайлардағы лирикалық сипаттағы әндерді орындаса, Андрей Гамбург рок элементтері бар лирикалық-философиялық бағыттағы әндерді орындады, ал Екатерина Маслова суретшілер туралы шығармашылық этюдтер стиліндегі әндерді шырқады.

Қала тұрғындары жергілікті ақын Любовь Харитоненконың шығармашылығымен танысты. Оның поэзиясы терең образды, ойлы, әрі жеңіл. Леонид Федорович Васиннің орындауында қазақ поэзиясының мэтрі Олжас Сүлейменовтың «Красный гонец и черный гонец» өлеңің тыңдады. Светлана Зубкова мен Жасұлан Әбішев кешке рухани көңіл-күй сыйлады. Светлана Олег Митяевтің, Ева Польнаның, Никитиндердің әндеріне каверни орындады, ал Жасұлан «Feelings», «Smile» ағылшын тілінде және «Браво» тобының «7000 над землей» әндерін орындады. Бұл кешке ән мен музыка өмірлерінің басты серігі болған адамдар қатысты. Бұл бір өте мағыналы кеш болды.