Балаларға арналған жазғы тілдік лагердің ашылуы

04.06.19

2019 жылдың 4 маусымында ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапханада 7 жаспен 10 жас аралығындағы балаларға арналған жазғы тілдік лагерь өз жұмысын бастады. Тілдік лагерь Елбасының үштұғырлы саясаты аясында ағылшын тілін үйрету, оның қолданыс аясын кеңейту мақсатында ашылды. Ағылшын тілін үйренуге қаламыздағы №1, №2, №6, №18 жалпы білім беретін мектептерінің 13 оқушысы ниет білдірді. Сабақ барысында «Молекулы» және «Менің атым …» атты ойындар ойнатылып, балалардың ағылшын тіліндегі сөздік қоры тексерілді. Кітапхана қызметкерлері ұйымдастырған би, сайыс, фонетикалық шынықтыру формасындағы сабақ жас оқырмандарымызды ерекше қызықтырды. Нәтижесінде балалар ағылшын тілінің «Сан есімі», «Сын есімі», «Апта күндері» тақырыптары бойынша білімдерін жетілдірді. Шара соңында көтеріңкі көңіл күйде бір-бірімен еркін жағдайда жақынырақ танысу үшін бүлдіршіндерге тәтті дастархан ұсынылды.