Шығыс Қазақстанның ұлы есімдері: «Абай әлемі» атты кітап көрмесі

05.06.19

5 маусым күні  «Рухани жаңғыру»   ұлттық бағдарламасын іске асыру  аясында Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық әмбебап кітапханасында «Абай әлемі» кітабының «Шығыс Қазақстанның Ұлы есімдері» атты көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмеге келушілер Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайберді, Мұхтар Әуезов, Марат Кабанбай, Төлеу Көбдіков, Анатолий Иванов, Медеу Сәрсеке және т.б. шығармаларының жанры мен тақырыбы әр түрлі  «Абай әлемі» атты бірегей әдеби жобасымен танысты.

Пайдаланушыларға ерекше қызығушылық тудырған бұрын жарияланған басылымдарды қазақ тілінде біріктірген Жарқын Шәкәрімнің «Париждегі Әміре», көрнекті әнші және музыкант Әміре Қашаубаевтың  өмірі мен шығармашылығына қатысты жарияланбаған бірегей құжаттар, Шәкәрім Құдайбердіұлының 1911-1912  жылдары Семейде және Орынборда, 20 ғасырдың басында шыққан газеттер мен журналдарда ақынның мәтіндік ерекшеліктері бар танымал туындылары  мен еңбектерінен  мол мағлұматтар беретін  шығармалар жинағы болды.  Сонымен бірге 2019 жылы туғанына 145 жыл толып отырған  халық  ақыны,  Абайдың шәкірті  Төлеу Көбдіковтың ақындық жинағы  да  көрмеге  келген  оқырмандардың  назарын аударды. Кітап көрмесін «Абай әлемі» кітабында жарияланған жазушылар портреттері толықтырды.

Көрмеге Шәкәрім атындағы университеттің студенттері, ұлттық-мәдени орталықтардың өкілдері, қала жұртшылығы және кітапхана пайдаланушылары қатысты.