«Абай әлемі» қоғамның рухани жаңғыруы: кітаптар сериясына шолу

14.06.19

14 маусым күні Абай атындағы кітапхана қызметкерлері Семей қаласы әкімдігінің мамандарына арнап  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жарық көрген «Абай әлемі» қоғамның рухани жаңғыруы: кітаптар сериясына шолу ұйымдастырды.

Шара барысында қатысушылар Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайберді, Мұхтар Әуезов, Марат Кабанбай, Төлеу Көбдіков, Анатолий Иванов, Медеу Сәрсеке және т.б. шығармаларының жанры мен тақырыбы әр түрлі  «Абай әлемі» атты бірегей әдеби жобасымен танысты. Ерекше  қызығушылық тудырған бұрын жарияланған басылымдарды қазақ тілінде біріктірген Жарқын Шәкәрімнің «Париждегі Әміре», көрнекті әнші және музыкант Әміре Қашаубаевтың  өмірі мен шығармашылығына қатысты жарияланбаған бірегей құжаттар, Шәкәрім Құдайбердіұлының 1911-1912  жылдары Семейде және Орынборда, 20 ғасырдың басында шыққан газеттер мен журналдарда ақынның мәтіндік ерекшеліктері бар танымал туындылары  мен еңбектерінен  мол мағлұматтар беретін  шығармалар жинағы болды.  Балаларға арналған шығармалар енген  М. Қабанбаевтың кітабы туралы ақпарат назардан тыс қалмады.   Шолудың соңында әкімдіктің көптеген мамандары осы сериядағы кітаптарды оқуға ниет білдірді.