Жаз мезгілі, кітаптар және мен – тамаша достармыз!: әдеби сағаты

19.06.19

19 маусым күні балалар бөлімінің қызметкерлері «Орбита» жазғы сауықтыру лагеріндегі №8 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне  «Жаз мезгілі, кітаптар және мен – тамаша достармыз!» тақырыбында әдеби сағатын өткізді. Шара барысында демалушылар 2019 жылдың мерейтойлық кітаптар, танымдық энциклопедиялар, сонымен қатар,  бастауыш және орта мектеп жасындағы балаларға арналған ең қызықты және танымал кітаптарымен танысты.

Балалар үшін «Сен ертегі білесің бе?», «Мақал-мәтелді жалғастыр», «Ойлан, тап!», «Үзіндіден шығарманы анықта» атты  ойындар мен викториналар ұйымдастырылып, қатысушылар қызыға қатысып, белсенділік танытты. Іс – шараға арнайы тарихы зор, бірнеше ұрпақ оқыған  2019 жылдың балаларға арналған мерейтойлы кітаптары ұсынылған  «Мерейтойлы кітаптар» атты кітап көрмесі жасақталып, шолу жасалынды.

Кітапхана қызметкерлері П.П.Бажовтың  «Малахитовая шкатулка» (80 жыл),  Д.Дефоның «Жизнь и удивительные приключения Робинзона Крузо» (300 жыл),  А.М.Волковтың «Волшебник Изумрудного города» (80 жыл) т.б. шығармалармен жас жеткіншектерді таныстырып көптеген мәліметтер берді. Шара соңында кітапхана қызметкерлері лагерь басшылығына әкімшіліктің атынан алғыс хат табыстап, балаларға тәттілер таратып, тамаша көңіл-күй сыйлап қайтты.