Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz
Жаңалықтар
Мау 19

Модель Назарбаева: кинокөрсетілім

19 маусым күні Абай атындағы кітапханада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жоғарғы лауазымда елімізді басқарғанына  30 жыл толуына орай «Модель Назарбаева» тақырыбында кинокөрсетілім өтті.

Көрсетілім «Білім орталығының» жайлы атмосферасында кітапхана оқырмандарымен  және «Диалог» жастар клубының мүшелері Елбасының халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, жүргізген саясатын үлгі етіп, жастардың бойына демократиялық құндылықтарды сіңіруге бағытталған кинокөрсетілімді тамашалады.

Кинокөрсетілім барысында Н.Назарбаев басқарған Тәуелсіз Қазақстанның үлгісі ұсынылды.

Фильм соңында барлық көрермен өз пікірлерімен бөлісті.