Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz
Жаңалықтар
Мау 21

«Мәдениет саласының үздігі»: мәртебелі марапаттау

20 маусым күні Абай атындағы кітапхананың ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы Мұқанова Замзагүл Төлтайқызы кітапхана саласындағы белсенді, әрі жемісті еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт минстрлігі атынан «МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» төсбелгісімен марапатталды.

«Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен мәдениет саласының дамуына ерекше үлес қосқан, елдің мәдениетін дамытудағы ұзақ жылғы еңбегі мен жеке үлесі, мәдениет саласын жетілдіруге белсене қатысқаны, мәдениет жүйесінде инновациялық қызметі үшін мәдениет саласында көп жылдар еңбек жасаған мәдениет саласының қызметкерлері марапатталады.
Біздің әріптесіміз осы марапатқа лайықты.
Мұқанова Замзагүл Төлтайқызын осы марапатымен шын жүректен құттықтаймыз, жаңа шығармашылық жетістіктер мен кәсіби жеңістер тілейміз!