«Есірткіге жол жоқ» – библиодесант

26.06.19

26 маусым күні Абай атындағы кітапхана қызметкерлері «Есірткіге жол жоқ» атты тақырыпта Ертіс жағалауы бойында 26 маусым – нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы Халықаралық күрес күніне орай билодесант өткізді.

Шара барысында Ертіс жағалауы бойында демалушыларға есірткіні таратуға қарсы күрес 100 жылдан бері жүргізіліп келе жатқаны, алғаш рет 1909 жылы шанхайлық апиынға қарсы ұйымның мүшелері әлемнің дамыған 13 мемлекетін жинап, есірткі тасымалдануына тосқауыл қою шараларын ойлап тапқаны жайында ақпараттар ұсынылды.

Жастарға, қала тұрғындарына есірткі заттарының адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып, алдын алу, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу мақсатында өткізілген библиодесант барысында кітапхана қызметкерлері нашақорлықтың әлеуметтік мәселе, онымен күресу жолдары, нашақорлардың жұқпалы ауруларды жұқтыру қауіптілігі жоғары екендігін, есірткінің денсаулыққа тигізетін зияны туралы түсіндіріп, нашақорлықтың зияны жайында мәліметтер беретін буклеттер мен ақпаратты парақтар таратылды.

Кітапхана қызметкерлері нашақорлықтың әлеуметке ортақ проблема, әлі де бұл тақырыптың өткір тақырып болып қалып отырғандығын ескере отырып, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.