Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz
Жаңалықтар
Шіл 01

Компьютер негіздерін меңгеру: тренинг

Абай атындағы кітапханасында 2019 жылғы 24-28 маусым аралығында компьютер негіздері бойынша тренинг өткізілді. Қатысушылар тренингте мәтінмен жұмыс жүргізу, құжаттарды жасау жұмысымен және Windows операциялық жүйесінің қосымшаларымен танысты. Тренингтен алған білімдерін нақтылау мақсатында тәжірибелік тапсырмалар орындалды, бірақ кейбір техникалық қиыншылықтарына қарамастан қатысушылар алған білімдерін жақсы көрсете алды. Тренингтің нәтижесінде компьютер негізін меңгеріп, өздерінің алған білімдерін нақтылау, дамыту мақсатында, қатысушылар кітапхананың басқа тренингтеріне қатысуға сұраныс берді.