Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz
Жаңалықтар
Шіл 02

Нұр-Сұлтан бейбітшілікпен келісім қаласы: кең көлемді кітап көрмесі

2-7 шілде  күндері  Елорда мерекесіне орай Абай кітапханасында   оқырмандардың  назарына «Нұр-Сұлтан бейбітшілікпен келісім қаласы» атты кең көлемді кітап көрмесі ұсынылды.

Көрменің мақсаты – бүкіл әлемге танылған Қазақстанның жауһары атанған Елорданың өткені мен болашағы және еліміздің дамуына қол жеткізген елбасының ерен еңбегі туралы әдебиеттер мен басылымдардың мол қорын дәріптеу арқылы,  өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін ояту, жастар мен жасөспірімдердің кітап пен оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.

Тақырыпқа сай безендірілген көрмеде Елорданың өткені мен бүгінінен сыр шертетін туындылар, Нұр-Сұлтанның қазіргі келбетін баяндайтын кітаптар, фотосуреттер қойылып шолу жасалынды.  Кітапхана қорынан алынған Елбасының  астананы Ақмолаға көшіру туралы бастамасы жайлы баяндайтын «Н.Ә.Назарбаев – тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы», «Президент және «Астана ЭКСПО-2017», «Астана – күн шуағы қаласы», «Астана – даладағы ғажайып» бейне-фильмі, «Астана – Қазақстанның астанасы» атты үнтаспа, сонымен қатар жаңа елорданың тарихи-саяси, мәдени және туристік төлқұжаты түрінде әзірленген «Қазақстан» атты үш тілдегі көркемсуретті кітап-альбомдарға оқырмандар үлкен қызығушылық танытты. Көрмені мерзімді басылымдар, мультимедиялық басылымдар, Елорданың көрікті жерлері бейнеленген ашық карталар толықтырды. Кітап көрмесі 7 шілдеге дейін жалғасады.