Арыс балалары кітапханада қонақта

18.07.19

17 шілде күні Арыс қаласынан Семей өңіріне жазғы демалыс лагерлеріне демалуға келген  бүлдіршіндер Абай атындағы кітапханада эксурсияда болды. Кітапханада кішкентай қонақтарды кітапхана мамандары мен Достық Үйінің этномәдени орталықтарының өкілдері сазды ән-шашумен қарсы алып, шырайлы Шығыс елінен,  ұлылар мекенінен жақсы әсер алуларына тілек білдірді.

Шараның мақсаты балалардың Семей шаһарының мәдени-рухани орталықтарымен танысып, кітапханадағы кітап әлеміне саяхат жасап, рухани білім алуларына қолдау жасау.

Арыстық меймандар кітапханамызға саяхат жасап, кітапхана тарихымен, кітап қорындағы кітаптар мен мерзімді басылымдар туралы және кітапхананы пайдалану ережелерімен танысып ақпараттар алды. Шара барысында балалар  арысындағы ең қызықты және танымал кітаптармен, заманауи форматта шығарылған басылымдармен танысты.  Кітап қорындағы кітап-панорама, телефон-кітапша, музыкалық кітапшаларға, 3D форматтағы кітаптарға үлкен қызығушылық танытты. Оқушылар «Ребус шешу», «Қай еретегінің кейіпкері», «Көңіл күйді жаттықтыру»,  «Сөзжұмбақ»,  т.б. викториналық ойындарға қатысты. Шара соңында белсенді қатысушыларға сыйлыққа кітаптар табысталды.

Қатысушылардың назарына «Кітап әлемінде» атты кітап көрмесі ұсынылып кітап қорындағы танымал әдебиеттермен әлем ертегілері сериясындағы кітаптарға шолу жасалынды.

Бұл  сапар Арыстық бүлдіршіндер үшін ұмытылмас әсер сыйлады.

Келген қонақтар Семей жұртына, кітапхана ұжымына шексіз алғыстарын білдірді.