Балаларға базарлық: жаңа кітаптар көрмесі

26.07.19

26 шілде балалар әдебиеттері бөлімінде жас оқырмандарға  және «Шебер қолдар» үйірмесіне қатысушылар үшін «Балаларға базарлық» жаңа түскен кітаптар көрмесін ұйымдастырды.

Көрмеге қойылған кітаптар әлемдік әдебиеттер қазынасына енген балалар шығармалары.  Бұл бүкіл әлем балаларының жақсы көретін және сүйіп оқитын кітаптары, сондықтанда  аталған көрме балаларды танымал туындылармен таныстырудың тамаша мүмкіндігі болды.

Мәдени шараның мақсаты:  балалардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін ояту, кітап – жанұяның  бос уақытын өткізудегі ең бір ажырамайтын бөлігі екендігін көрсету, баланы кішкентай кезден кітап оқуға баулу.

Пайдаланушылар шара барысында қазақ және орыс тілінде шыққан өте қызықты көркем және тарихи әдебиеттер туралы ақпараттармен хабардар болды. Кітапхана қызметкерлері кітап көрмесі бойынша библиографиялық шолу жасап, жаңа кітаптардан дауыстап үзінділер оқуды ұйымдастырды.

Аталған көрме: «Ертегілер», «Таңғажайып  оқиғалар» және «Әлем туралы кітаптар» атты үш бөлімді қамтыды. Онда әр түрлі тақырыптағы жаңа, ғылыми-көпшілік балалар әдебиеті, отандық және шетелдік авторлардың үздік көркем шығармалары, соңғы жылдардағы жарық көрген қазіргі заман жазушыларының шығармалары ұсынылды.

Жаз мезгілі балалардың сүйікті  кітаптарын оқитын кез! Кішкентай оқырмандарымызды кітап оқуға шақырамыз!