Абайдың сөздері – халықтың даналығы: көрме – толғау

09.08.19

10 тамызда ойшыл, қазақ әдебиетінің ағартушысы, ірі тұлға Абай Құнанбаевтың туғанына 174 жыл толды. Оның рухани мұрасы қазақ және әлем әдебиетінің классигіне айналды. Абайдың бай мұрасы жалпыадамзаттық құндылықтар әлеміне нық кірді.

9 тамызда Абай кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінің қызметкерлері оқырмандар мен «Шебер қолдар» үйірмесінің қатысушыларына қазақтың ұлы ақыны және ағартушысы Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Абайдың сөздері – халықтың даналығы» атты кітап көрмесін дайындады.

«Таңғажайып тұлға» және «Абай мұрасы» атты екі бөлімнен тұратын көрмеде  Абай Құнанбаевтың өмірбаяны мен шығармашылығынан мол мағлұмат беретін кітаптар, мерзімді басылымдар ұсынылған. Ақынның фотоальбомдары мен суреттері көрменің мазмұнын толықтыра түсіп, оқырмандардың қызығушылығын арттырды. Балалар ақынның табиғат лирикасына арналған шығармалары: «Қыс», «Жаз», «Күз», «Көктем» өлеңдері мен аудармалары және поэмалары, әйгілі қара сөздерімен танысты.

Кітапхана қызметкерлері Абай Құнанбаевтың өмірі туралы қызықты деректермен   бөлісіп, ақынның шығармаларына библиографиялық шолу жасады.

«Абай сөздері – халықтың даналығы» көрмесі 23 тамызға дейін көрсетіледі.