2018 жылы шыққан техникалық және бағдарламалық технологиялар: шолу
Абай атындағы кітапханасында кітапханашы мамандардың кәсіптік біліктілік жетілдіру мақсатында оқыту кеңес ұйымдастырылды. Кеңесте 2018 жылы шыққан бағдарламаларға, техникалық жаңалықтарға шолу өткізілді, оның ішінде көзі көрмейтін жандарға арналған – Be My Eyes жаңа бағдарламасы және ауада көрсету мүмкіншілігі бар проектор туралы ақпараттар берілді. Оқу барысында ұялы телефонда кітап және басқа басылым түрін өндейтін CamScanner бағдарламасының тиімді тәсілдерін үйренуі түсіндірілді. Кітапханашылар алған білімін өздерінің кәсіби қызметтерінде пайдалануына мүмкіндік алды. Өткізілген іс-шара кітапханашы мамандардың пайдаланушыға қажетті ақпаратты кәсіби түрде ұсынуға көмегін тигізеді деп сенеміз.