2013 жыл – Су ресурстарының ықпалдастық жылы
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында 2013 жылы 2 тамызда «2013 жыл – Су ресурстарының ықпалдастық жылы»: мерзімді басылымдар көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды.
Өткізілген күні: 2013 жылы 2 тамыз. Өткізілген орны: Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы. Қатысушылар: кітапхана оқырмандары. Қатысушылар саны: 9. Шараның мақсаты: оқырмандарға табиғиғат ресурстарын тиімді пайдалану және судың адамзат үшін қажеттілігі мен мәселелері жайында ақпарат беру. Күтілетін нәтиже: азаматтардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру және қоршаған ортаға деген жауапкершіліктерін ояту.
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында 2013 жылы 2 тамызда «2013 жыл – Су ресурстарының ықпалдастық жылы»: мерзімді басылымдар көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды. Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) шешімі бойынша 2013 жыл Су ресурстары саласындағы дүниежүзілік ықпалдастық жылы деп жарияланған болатын.
Сарапшылардың бағалануынша, бүгінгі күні Жер шарындағы 3 млрд. Адам ішуге жарамды судың тапшылығын көріп отыр және бұл сан, 2050 жылға қарай әлем халқының саны 9 млрд. адамға жетеді деген болжамдарға қарағанда, тек өсе түседі. Су адамның өмір сүруіндегі негізгі қажеттіліктің бірі. Сусыз өмір жоқ. Себебі адам өмірін қамтамасыз етудің бүкіл жүйесі суды пайдаланатын технологияларға негізделген. Халықаралық сарапшылар ХХІ ғасырда судың құны мен суға деген қажеттілік мұнаймен теңеседі деп болжауда.
Осыған орай ұйымдастырылған мерзімді басылымдар көрмесінде кітапхана қызметкерлері су мәселесі жөнінде жазылған статистикалық мәліметтер мен маңызды деректерді оқымандар назарына ұсынып, Жер шарында су ресурстары саласында экологиялық мәселелер мен елімізде де ішуге жарамды су тапшылығы туралы ауқымды ақпарат берді. Кітапхана пайдаланушылары «Адамазат және қоршаған орта», «Экологический курьер», «Қазақстанның жер ресурстары», «География в школе»; «Жалпы биология», «Дидар», «Страна и мир» және т.б. газеттер мен журналдармен танысты. Мерзімді басылымдардың ішінде оқырмандарға ұнаған ең қызықты мақалалар: Ж. Қайыржановтың «Судың сырын білесіз бе?», Б. Сабырбековтың «Су», Қ. Жүсүпбекованың «Истоки жизни». Көрмеге мерзімді басылымдар бетіне шыққан 11 мақала және 7 Интернет ресурстары қойылды.