Семей қаласының тарихы: өлкетану сағаты
2013 жылдың 14 тамызы күні ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен «Семей қаласының тарихы» тақырыбында өлкетану сағаты өткізілді.
Өткізілген уақыты: 14 тамыз 2013 жыл. Өткізілген орны: «Семей қалаcының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық- әлеуметтік мекемесі». Қатысушылар: зейнеткерлер мен мүмкіндіктері шектеулі адамдамдар. Қатысушылар саны: 20 адам. Мақсаты: қатысушыларды Семей қаласының тарихымен және өңірде аталып өтілетін маңызды оқиғалар жайлы ақпараттар беру. Күтілетін нәтиже: туған қаламыздың тарихы туралы тың мағлұматтар бере отырып, білім деңгейлерін көтеру.
2013 жылдың 14 тамызы күні ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен «Семей қаласының тарихы» тақырыбында өлкетану сағаты өткізілді. Биылғы жылы аталып өтетін күндер қатарында, ғұлама ойшыл, ақын Шәкәрім Құдайбердіұлына 155 жыл, Семей қаласының іргесі қаланғанына 295 жыл, тарихи өлкетану мұражайы мен Абай атындағы әмбебап кітапхананың ашылғанына 130 жыл толуына орай шаралар басталып кетті. Танымдық шарада 1718 жылдан бастау алған Семей қаласының тарихы, бекініс қамалдары, қаланың әр жылдардағы Елтаңбасы жайлы, ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басындағы қаланың тыныс-тіршілігі туралы қызықты ақпараттар мен слайд-шоу және «Семей қаласының ХVIII-ХХ ғасырдағы тарихи ескерткіштері» атты интерактивті саяхатпен толықтырылды. Қатысушылар 1968 жылы қаламыздың 250 жылдығына орай түсірілген деректі фильмді тамашалап, жастық шақтарына бір сәтке саяхаттап қайтқандай әсер алды.
Танымдық сағат жерлесіміз Дүйсен Қуандықовтың «Любимый город Семь палат» әніне арнап түсірген бейнебаянымен аяқталды. Қаланың кешегі-бүгінгі тіршілігінен ақпараттар беретін кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды. Тыңдаушылар назарына 25 кітап, 5 библиографиялық көрсеткіш ұсынылды. Қатысушылардың сұраным-тілегі бойынша алдағы күндері шаралар жалғасын табатын болады.