Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz
Жаңалықтар
Қаз 30

«Рухани жаңғыру – жастар жолы»: әдеби керуені

29 қыркүйек «Семей Жастар Ассамблеясы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Рухани жаңғыру – жастар жолы» атты жастар керуені өтті. Бұл жолы керуен Абай ауданында ұйымдастырылды, аудан орталығы – Қарауыл ауданында жастармен кездесу өтті, онда керуенге қатысушылар жастардың проблемалары, бүгінгі таңда ауылдың жандануы үшін өзекті болып отырған рухани жаңғыру мәселелерін талқылады. Рухани даму аясында Абай әмбебап кітапханасының маманы Рауан Серікхан керуенге қатысты, оның мақсаты «Абай әлемі» кітап сериясын кеңінен насихаттау болды. Жастар біздің жерлестеріміздің, соның ішінде Абай, Шәкәрім, Әуезов, Көбдіковтің 2018 жылы жарық көрген кітаптары және тағы басқа авторлардың еңбектерімен танысты. Керуенге қатысушылар Әміре Қашаубаевтың өмірі туралы жаңа деректер бар «Әміре Парижде» кітабына жастар ерекше қызығушылықпен қарады. Сонымен қатар балалар жазушысы Марат Қабанбаевтың «Четыре времени года» атты кітабы да көрермендердің қызығушылығын оятты.