Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz
Жаңалықтар
Қар 07

«Семсер жырдың қорғаны»

Абай атындағы кітапхана қызметкерлері  7 қараша күні   Ә.Тәжібаев  атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасымен бірлесіп республикалық  «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында  ақын, драматург  Ә.Тәжібаевтың туғанына 110 жыл толуына байланысты   «Семсер жырдың қорғаны»  атты тақырыпта онлайн-кездесу өткізді.

Онлайн-кездесуге Ж. Шайжүнісов атындағы электронды колледж студенттері мен Семей медицина университетінің студенттері, Сыр өңірінен  Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетінің    оқытушысы, доцент Айтбаева Айман Ералықызы, Ақын, ұстаз  Ділдахан Торғаева,  «Сыр елі-жыр елі» атанған  Сыр  өңірінде туып-өскен ақын Ә. Тәжібаевтың ұрпақтарының бірі, Несібелді Рахмет қатысты.

Онлайн кездесу барысында  Әбділда Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған қызықты деректер тыңдалды. Қызылорда өңірінен ақынды зерттеуші, оқытушы Айман Ералықызы ақын шығармашылығындағы шоқтығы биік шығармалар жайында баяндап, ақын Ділдахан Торғаева Ә. Тәжібаевтың поэмалары жайында сөз қозғаса, ақын ұрпағы Несібелді Рахмет ақынның қайраткерлік тұлғасы, азаматтық бейнесі жайында нақты деректермен бөлісті.

ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапханасы қызметкерлері  кітапхананың сирек қоры бөлімінде, араб қарпінде жарық көрген Ә.Тәжібаевтың 1929 жылы шыққан кітаптың құндылығына тоқталды. Ж.Шайжүнісов атындағы электротехникалық колледждің студенттері Иксанова Мөлдір, Әділбекова Аяжан, Ерболов Ерасыл және Семей медицина университетінің «Абайтану» клубының жас ақындары Құбашева Рысты, Нұрахметова Жанерке   Сыр сүлейі атанған ақын Ә. Тәжібаевтың қаламынан туындаған өлең жолдарын жолдады.