Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz
Жаңалықтар
Қар 11

Сырда туған сарбаз ақын : кітап көрмесі

8 қараша күні Абай атындағы кітапханада ақын, драматург, әдебиет зерттеуші, ғалым, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының халық жазушысы. Ә. Тәжібаевқа 110 жыл толуына орай «Сырда туған сарбаз ақын» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кітапхана мамандары Әбділда Тәжібаевтың қазақ әдебиеті тарихында қазақ поэзиясының аса көрнекті шебері, ірі драматург және белгілі әдебиет зерттеушісі болғандығы жайында айтып, ақынның шығармашылық мұрасымен таныстырды.  Сондай-ақ кітап көрмесіне шолу барысында ақынның А.Пушкин, Т.Шевченко, А.Островский, Г.Гейне тағы басқа қаламгерлердің бірқатар шығармаларын қазақ тіліне тәржімалағаны, көптеген шығармалары шетел тілдеріне аударылғаны, Ә.Тәжібаевтің сценарийі бойынша (Н.Погодинмен бірге) «Жамбыл» кинофильмі түсірілгені жайында ақпараттар берді.
Көрмеге кітап қорындағы жазушының әр жылдары жарық көрген еңбектері мен поэмалары, «Көне қоңырау», Жылдар ойлар», «Есімдегілер», 2 томдық шығармалары, Ақынның «Жаңа ырғақ», «Аралдар», «Кешеден бүгінге», «Жартас», «Жаңа өрімдер», «Құрдастар», «Толағай» және 5 томдық жыр жинақтары, «Майра», «Жартас», «Жалғыз ағаш орман емес», «Көңілдестер», «Той боларда», «Дубай Шубаевич» пьесалары т. б. еңбектері қойылды.