Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz
Жаңалықтар
Қар 20

«Әлем таныған Абай»: жылжымалы кітап көрмесі

20 қараша күні Абай атындағы кітапхананың қызметкерлері Т.Аманов атындағы № 16 жалпы білім беретін мектепте қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай, «Абай деп соққан жүректер…» атты қалалық семинардың қатысушыларына арналған  «Әлем таныған Абай» атты жылжымалы кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрмеге кемеңгер Абайдың әр жылдары басылып шыққан көркем шығармаларынан өлеңдері мен аудармалары, поэмалары, қара сөздері, «Абай» журналының бірнеше басылымдары қойылды. Абайтанушы Қ.Мұхамедхановтың «Абайдың ақын шәкірттері», Ғ.Есімнің «Хаким Абай»,  Б.Ерденбековтың «Абайтану», М.Әуезовтың орыс және қазақ тіліндегі «Абай жолы» романы, М.Мырзахметтің «Абайтану тарихы» және т.б.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып,  екі тілде басылып шыққан «Абай әлемі» кітаптар топтамасы қатысушылардың  қызығушылығын оятты.

Көрмені Абай атындағы музей қызметкерлері, ұстаздар және қалалық мектеп оқушылары тамашалады.