Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz
Жаңалықтар
Қар 21

Құпиялар мен жұмбақтар аралы: әдеби квест

20 қарашада балалар әдебиеті бөлімінің қызметкерлері Даниэль Дефоның «Робинзон Крузоның өмірі мен таңғажайып оқиғалары» романының шыққанына 300 жыл толуына орай № 6 гимназияның 6 сынып оқушылары арасында «Құпиялар мен жұмбақтар аралы » атты әдеби квест өткізді.

Оқушылар алғашқы атауы – «Йорктен теңізші, Робинзон Крузоның өмірі мен таңғажайып оқиғалары…» – деп аталған Даниэль Дефоның шығармасын  оқыды. Іс-шараға мұқият дайындалған балалар әдебиеті бөлімінің қызметкерлері, шалаштың ішін жануардың терісі, жанып тұрған  шам және сәндік пальмамен безендірді.   Шара басында оқушылар Даниэль Дефоның өмірі мен шығармашылығы жайында және ойынның шарттары мен ережелері туралы танысты.

Әдеби квест қатысушылары екі топқа бөлініп, олардың әрқайсысы бірнеше тапсырмаларды орындады: шығарманың мәтіні бойынша, география кітабында кездесетін арнайы терминдерді білу, сөздердің мағынасын ашу, тұрмыстық даналыққа баулу және жазушы туралы энциклопедиялардан ақпарат іздеу болды. Бірінші тапсырмада шығарманың мәтіні бойынша сұрақтар қойылып, контурлық картамен жұмыс кезінде балалар Робинзон Крузо саяхатының бағыттарын көрсетті, онда кемелерден алыс жүзуге кететін жасыл мыс және аралдар бар.  Арнайы  тапсырмада  оқушылар шығарманың мәтінінде кездесетін терминдер мен фразеологизмдерге анықтама берді. Әр дұрыс жауап үшін команда бір баллдан алып отырды.

Аталмыш шара  «Құпия мен жұмбақ аралы» атты кітап көрмесімен толықтырылды. Сондай-ақ барлық қатысушылардың көңіл-күйін көтерген кітапхана қызметкерлері дайындаған әсерлі бимен жалғасты.

Соңында қорытынды шығарылып, ең үздік әдебиет білімпаздарына  кітапхана әкімшілігінен алғыс хаттар және әр қатысушыға Робинзон Крузо туралы ақпараты бар кітап бетбелгісі берілді. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Ирина Германовна Прасолованың қолдауымен өткізілген шара соңында қатысушылар ұзақ уақыт бойы шалашты қызықтап, естелікке суретке түсті.