Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz
Жаңалықтар
Қар 22

Мобильді қосымшалар: жедел-тренинг.

2019 жылдың қараша айында мобильді қосымшалар бойынша үш жедел тренингтері ұйымдастырылды. Қатысушы зейнеткерлер ұялы телефондар, планшеттер және басқа да құрылғылардың мобильді қосымшаларымен танысты, олар: Еgov.kz – мобильдік қосымша, тіркеуді “электрондық үкімет” порталы арқылы өтуге болады. Мемлекеттік қызмет алу үшін egov.kz электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болу керек; DamuMed – мобильді қосымшаның көмегімен пайдаланушылар дәрігер қабылдауына жазыла алады немесе үйге шақыра алады, жазылған рецепттер мен зертханалық зерттеулердің нәтижелерін көруге, аурухана парақтарын көшіріп алуға болады; Рost.kz – “Қазпошта” мобильдік қосымшасы, мобильдік операторлардың қызметтерін, коммуналдық қызметтерді төлеуге мүмкіндік береді; СityBus   – мобильді қосымша қаладағы қоғамдық көлік қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді; OLX.kz – Қазақстандағы ең ірі хабарландыру сервисі. Қатысушылардың алған білімдері күнделікті өмірлерінде пайдалы болады деп сенеміз.