Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz
Жаңалықтар
Қар 27

Электронды үкімет порталы: жедел тренинг

2019 жылы 26 қарашада Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен электронды қызметтерді алуды насихаттау мақсатында электронды үкімет порталымен жұмыс жасау дағдыларын үйретуге арналған жеке жедел тренинг өткізілді. Шарада мемлекеттік қызметтерді электронды үкіметтің веб-порталы арқылы алу тәсілдерін үйретіп, пайдаланушы сұрақтарына тиісті жауаптар берілді. Пайдаланушы мемлекеттік органдарға кезекті қысқартып, анықтама, куәлік, рұқсат құжаттарын және тағы басқаларын алуды жеңілдетуге әрі жылдамдатуға мүмкіндік берген механизм туралы ақпарат алды. Қатысушы электрондық үкімет порталында небәрі 10-15 минут ішінде анықтама алуға, күн-түн демей, кез келген уақытта баланың балабақшаға кезегін көруге, мекенжай анықтамасын ұялы телефонға алдыртуға және осы сияқты басқа да көптеген жағдайларды жасауға болатынын тәжірибе түрінде тренингте қолданды.