Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz
Жаңалықтар
Қар 27

Тәуелсіздік және Тұңғыш Президент: кітап көрмесі

27 қараша күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Облыстық Абай атындағы кітапханада “Тәуелсіздік және Тұңғыш Президент” атты кітап көрмесінің тұсаукесері өтті.

Көрменің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өмірбаянымен, идеяларымен және бастамаларымен қалың жұртшылықты таныстыру, егемен Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарындағы ұлт Көшбасшысының қызметін көрсететін әдебиетті насихаттау.

Көрмеге ҚР Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметі және оның қазіргі тарихтағы рөлі туралы 100-ден аса кітап қойылды, олардың ішінде: Н. Назарбаев “Избранные речи”, “Наш Президент”, “Размышления о лидере”, Б. Майлыбаев “Президент Жолдауы тарих толқынында”, Ж. Сааданбеков “Нұрсұлтан Назарбаев. Законы лидерства”, “Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: қызмет хроникасы”, “Первый: Қазақстан Республикасының Президенті туралы очерк”, “Елбасы сыныптастары”, В. Михайлов, Т. Мансуров “Нұрсұлтан Назарбаев” және т.б.

Көрмені Н. Назарбаевтың  Шығыс Қазақстанға сапарындағы  фотосуреттері толықтырды.

Көрмеге  облыстық “Біздің №1” жастар форумына қатысушылар, Семей қаласы ішкі істер басқармасының мамандары тамашалады.