Тәуелсіздік және Тұңғыш Президент: кітап көрмесі
27 қараша күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Облыстық Абай атындағы кітапханада “Тәуелсіздік және Тұңғыш Президент” атты кітап көрмесінің тұсаукесері өтті.
Көрменің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өмірбаянымен, идеяларымен және бастамаларымен қалың жұртшылықты таныстыру, егемен Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарындағы ұлт Көшбасшысының қызметін көрсететін әдебиетті насихаттау.
Көрмеге ҚР Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметі және оның қазіргі тарихтағы рөлі туралы 100-ден аса кітап қойылды, олардың ішінде: Н. Назарбаев “Избранные речи”, “Наш Президент”, “Размышления о лидере”, Б. Майлыбаев “Президент Жолдауы тарих толқынында”, Ж. Сааданбеков “Нұрсұлтан Назарбаев. Законы лидерства”, “Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: қызмет хроникасы”, “Первый: Қазақстан Республикасының Президенті туралы очерк”, “Елбасы сыныптастары”, В. Михайлов, Т. Мансуров “Нұрсұлтан Назарбаев” және т.б.
Көрмені Н. Назарбаевтың Шығыс Қазақстанға сапарындағы фотосуреттері толықтырды.
Көрмеге облыстық “Біздің №1” жастар форумына қатысушылар, Семей қаласы ішкі істер басқармасының мамандары тамашалады.