Менің тұңғыш Президентім!: шығармашылық сағаты
27 қарашада балалар әдебиеті бөлімінің қызметкерлері жетім және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ШҚО мектеп – интернатының тәрбиеленушілері арасында, 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Менің тұңғыш Президентім!» атты шығармашылық сағатын өткізді.
Іс – шара барысында Президенттің өмірі мен қызметі, Қазақстанның Тәуелсіздік кезеңіндегі хроникасы мен маңызды оқиғалары, ішкі және халықаралық аренадағы экономикалық және саяси жетістіктері, Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Ұлт Көшбасшысының қазіргі тарихтағы рөлі туралы ақпарат ұсынылды. Балалар АҚШ, Ұлыбритания, Ангола және басқа да көптеген елдерде осындай мерекелерді өткізу туралы әңгімесін ерекше қызығушылықпен тыңдады. Балаларға “Балалық шағымның аспаны” көркем фильмінен үзінді көрсетілді. Фильмді көргеннен кейін оқушылар Машарин Дамир, Полтаранина Надя, Яковлев Сергей, Панчин Валера және т.б. өз еліне деген махаббаты туралы тақпақтар оқыды. “Сен өз елінің тарихын білесің бе?” викторинасы арқылы іс-шараның белсенді қатысушыларын анықтап, сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар балалар үшін “Қазақстан балалар көзімен” атты шығармашылық сурет байқауы өткізілді, қатысушылар өздерінің салған суреттерін ұсынды.
Іс-шара “Менің тұңғыш Президентім” атты кітап көрмесімен сүйемелденді, онда Н.Назарбаевтың еңбектері, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуы туралы кітаптар, мерзімді басылымдар беттерінде басылған мақалалар ұсынылды. Көп салалы колледждің кітапхана бөлімінің студенттері Мұқатаева Маржан мен Базильханова Айжан кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.