Әбіш Кекілбаев: кинокөрсетілім
10-желтоқсан күні Абай атындағы кітапханада №12 мектептің 9 сынып оқушыларының қатысуымен “Әбіш Кекілбаев” деректі фильмінің кезекті көретілімі болды. Әбіш Кекильбаевқа арналған фильмді көруді бастамас бұрын, оқушылар Абай атындағы кітапхананың тарихы және кітап қорымен танысты. Оқушылар біздің кітапханамыздың алғашқы оқырмандарының бірі болған Абай туралы әңгімені қызығушылықпен тыңдап, тарих қойнауына терең үңілді. Келушілер кітапхананың мол қорын таңдана қабылдап, бағажетпес рухани байлығымен танысты. Олар: оқу залының қоры, сирек қор және оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ашық қол жетімділігі болды. “Әбіш Кекілбаев” кинопокөрсетілімі жазушының туғанына 80 жыл толуына орайластырылды. Оқушылар жазушының шығармашылық мұрасымен, отбасы мүшелерінің, достарының және серіктестерінің сұхбатымен танысты. Сонымен қатар, шараға қатысушыларға Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұсынылды.