Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz
Жаңалықтар
Қаң 14

2020 жылғы атаулы күндер: ақпарат күні

Жаңа 2020 жыл атаулы және естелік күндерге бай. Олардың ішінде еңбек сіңірген мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, белгілі ақындар мен жазушылардың, атақты ғалымдар мен спортшылардың мерейтойлары бар.

Абай атындағы әмбебап кітапханасы 14 қаңтар күні қаламыздағы мектептер мен колледждер кітапханашы мамандарының басын қосып 2020 жылы өлке бойынша аталып өтетін күндер бойынша ақпарат сағатын өткізді. Биылғы жылы әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл, түркі әлемінің ұлы ойшылы Жүсіп Хас Хажыб Баласағұнның туғанына 1000 жыл, ғалым, этнограф  Шоқан Уәлихановтің туғанына  185 жыл,  қазақтың ұлы ақыны, философ, ағартушы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл, Алаш қайраткері, қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткері, меценат Мұхамедхан Сейтқұловтың туғанына 150 жыл, Ұлы Жеңістің 75 жылдығы, Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауинге 80 жыл, Қазақстан Республикасының Халық әртісі Күләш Сәкиевның туғанына 100 жыл, спорт саңлағы Ғұсман Қосановтың туғанына 85 жыл  т.б туған өлкеміздің тарихы мен таңымал тұлғаларының өміржолдары мен шығармашылықтары туралы ақпараттар берілді.

Сонымен қатар шара барысында  облыс әкімдігі қолдауымен 2018 жылдан баспа бетін көріп жатқан  кітапхананың «Абай әлемі» жаңа жобасы аясында 2019 жылы жарық көрген өлкеміздің айтулы қаламгерлерінің шығармалары кеңінен таныстырылды. Шараны слайд көрсетілімі мен бейнесюжет және викториналық сұрақтар толықтырды.

Мәдени шараға қатысушыларға Абайдың 175 жылдығына арналған буклеттер таратылды.