Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz
Жаңалықтар
Қаң 15

Абайдың шексіз мұрасы: А.Пушкин атындағы Омбы мемлекеттік аймақтық ғылыми кітапханасымен онлайн кездесу

15 қаңтар күні Абай кітапханасында А.Пушкин атындағы Омбы мемлекеттік аймақтық ғылыми кітапханасының әріптестерімен және оқырмандарымен «Абайдың шексіз мұрасы» атты онлайн-кездесу өтті.

Кездесу Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын тойлау жылы оқырмандардың қызығушылығын кеңейту, екі елдің аудиториясын Абай мұрасының сирек кездесетін кітаптарымен және орыс кітапханаларының коллекцияларындағы кітаптармен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында Абай кітапханасы қорындағы кітаптар, Абай мұрасы, орыс және шетелдік ақын-жазушылардың аудармалары ерекше назарға алынды. Өз кезегінде Омбы кітапханасының әріптестері қазақ аудиториясын кітапхана қорларындағы кітаптармен және электронды басылымдармен таныстырды.

Қатысушылар назарына Абайдың орыс достарының – Қазақстан даласында жазасын өтеп жатқан саяси қуғындардың шығармалары, Батыс Сібір Орыс Географиялық Қоғамы Семей филиалының басылымдары, орыс жазушыларының 1887-1898 жылдардағы жұмыстары ұсынылды.

Кездесуде қатысушылар Абайдың кітаптарымен танысты, олардың ішінде 1936 және 1939 жылдардағы латын графикасындағы басылымдарға ерекше назар аударды.

Онлайн жиналыс «Абай – кітапхана оқырманы», «Н. Ю. Коншин. – Абай атындағы кітапхананың алғашқы кітапханашысы» және тағы басқа роликтерімен толықтырылды.

Онлайн жиналысқа тек кітапханалардың белсенді оқырмандары мен студенттері ғана емес, сонымен бірге  Омбы қазақ этнографиялық орталығы да қатысты. Олар қазақ тілінде бірігіп Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындап оған Абай кітапханасының қызыметкері Қуандық Кенжебекұлы домбырамен Абайдың «Өлсем орным қара жер, сыз болмай ма?» әнін тартуғып шырқап берді.