«Түркі әлемінің деректі шежіресі»: сирек басылымдар көрмесі
2013 жылдың 26 тамызында Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінде «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық форум өтті.
Өткізілген уақыты: 2013 жылдың 26 тамызы. Өткен орны: Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті. Қатысушылар: қаланың зиялы қауымы, қонақтар – елімізге белгілі тұлғалар, Отандық және шетелдік түркітанушы ғалымдар. Шараның мақсаты: халықаралық форумға қатысушыларды кітапхананың сирек басылымдарымен таныстыру, құнды басылымдардың ғылыми айналымға енуіне ықпал ету.
2013 жылдың 26 тамызында Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінде «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық форум өтті. Семейдің Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы «Түркі әлемінің деректі шежіресі» тақырыбындағы көрмеге қатысып, кітапхана қорынан 32 түпнұсқадан тұратын сирек кездесетін түркі әлемі тарихына қатысты әдебиеттерді қатысушылардың назарына ұсынды. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі М.Құл-Мұхмед пен Шығыс Қазақстан Облысының әкімі Б.Сапарбаев бастаған, О.Сүлейменов және айтулы түркітанушы шетелдік ғалымдар мен форум қонақтары кітапхананың ең көне кітаптарының қатарына жататын 1786-1787 жылғы М.Херасковтың екі томдық эпикалық шығармалар жинағы, әйгілі түркітанушы ғалым, академик В.В.Бартольдтың көптомдық ғылыми еңбектері, қазақ әлемін зерттеуде өзіндік орны бар А.Харузиннің еңбектері және т.б. XVIII – XIX ғасырларда жария көрген дереккөздермен танысып, кітапхана мен оның сирек басылымдары жайлы жарнамалық парақшалар таратылды.
Алтай республикасының С.С.Суразаков атындағы Алтайтану институтынан келген жас ғалым Күзелеш Владимировна, Карачай-Черкессия Республикасынан келген Карачай-Черкессия мемлекеттік университетінің профессоры Н.Суюноваларды сирек кітаптарымыздың сандық форматтағы нұсқасы қызықтырды. Шетелдік ғалымдар кітапхананың техникалық жабдықталу жағдайын, сирек құжаттарды сандық форматқа көшіру мен сирек кітаптарды сақтау режимі мәселелері жайлы ақпараттармен танысты.