Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz
Жаңалықтар
Қаң 16

Абай әлем тілдерінде: әдеби сағат

16 қаңтарда Абай атындағы кітапханада Технологиялық колледж студенттері үшін Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын тойлау аясында «Абай әлем тілдерінде» атты поэзия сағаты өтті.

Шараға қатысушылар Абай шығармашылығының шетелге танымал болуына үлкен үлес қосқан аудармашылардың, оның ішінде Всеволод Рождественский, Ха Хуанжанг (Қытай), Леонард Коссут (Германия), Ричард Мак Кейн (АҚШ), Альберт Фишер (Франция) және т.б. аудармаларының тарихымен танысты.

Поэзия сағатында кітапхана қызметкерлері дайындаған Абайдың өлеңдері қазақ, орыс, ағылшын, неміс, өзбек және татар тілдерінде орындалды. Сонымен қатар технологиялық колледж студентері – Калиева Айнур қазақ тілінде Абайдың «Көзімнің қарасы» өлеңін оқыса, Кенжебек Нұрым Абайға  өз арнауын арнап, әдеби сағаттың сәнін келтірді.

Әдеби шара соңында Семей медицина университетінің  3 курс студенті Гурджар Латит Мохан, өзі хинди тіліне аударған Абай өлеңін оқыған бейне-баяны ұсынылды.

Қатысушылар арнайы жасақталған кітап көрмесімен танысты. Көрмеде кітапхана қорындағы Абай шығармаларының ағылшын, қытай, кәріс, монғол, неміс, қырғыз, түрік, венгер және өзбек тілдеріндегі аудармалары қойылды.