Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz
Жаңалықтар
Ақп 12

Ауған ардагерлеріне тағзым: кездесу кеші

12 ақпан күні Абай атындағы әмбебап кітапханасында «Ауғанстан және жергілікті соғыс ардагерлері» қоғамдық ұйымымен бірлесіп,  «Ауған ардагерлеріне тағзым» атты кездесу кешін өткізді. Кездесуге арнайы Боранбай Бегатов, Қадыралинов Әлімхан, Тоқтаров Жеңісқали, Еділ Өмірғалиев сынды ауған соғыс ардагерлері шақырылды.

Кешке келген қонақтар өздерінің алғашқы Кабулға қалай жеткені туралы, жерлес сарбаздар туралы, әскери қызметтің драмалық және басқа да сәттері туралы естеліктерімен бөлісті. Сонымен бірге бүгін олар сол соғыста қаза тапқандарды еске алу құрметіне, интернационалист-жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, құрбан болған майдандас достарының туыстарымен кездесулер  өткені жайлы атап айтты.

Іс-шара ары қарай «Ауған соғысы» бейнефильмімен толықтырылып, онда құжаттық материалдар, фотосуреттер мен ауған соғысына қатысушылардың естеліктері көрсетілілді. Сонымен қатар кітапханамыздың қызыметкері Кенжебекұлы Қуандық ардагер ағаларына арнап «Біздің елдің жігіттері» әнін тарту етті.

Шара қонақтары Геологиялық барлау колледжі мен Көлік колледжінің студенттері кітап көрмесімен және өлкетану мұражайы мен әскери даңқ мұражайы ұсынған экспонаттармен танысты. Студенттерді мына экспонаттар 1981 ж. Күзінде шақырылған Нұрбек Александрович Мусиновтың дәптері, Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған, А. Веретельниковтың әскери формасы, R-105M радиостанциясы (салмағы 15 кг), RGD-5 оқу гранаталары мен Ауғанстан ұлттық киімдері ерекше қызықтырды.

Кітапхана оқырмандары қиын жылдарда кеуделерін оққа, табандарын отқа төсеп, жанын аямай жауға аттанған, өр рухты, батыл мінезді ардагерлермен жүзбе-жүз танысып, естелік суретке түсіп, сыр-сұхбат алаңын құрғандарына мол ризашылықпен тарқасты.