Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz
Жаңалықтар
Ақп 12

Genius of Abai: ақпараттық сағат

12 ақпан күні Абайдың рухани орталығында қаламыздағы №2 мектептің 11 сынып оқушыларына ақпараттық сағат өткізілді. Аталмыш шара ұлы Абайдың 175-жылдық мерейтойы қарсаңында үш тілде ұйымдастырылды. Ақпараттық сағат ғұлама ақын Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы ағылшын тіліндегі бейнепрезентациядан басталды. Шара барысында қатысушылар мен кітапхана қызметкерлері Абай Құнанбайұлының туындыларын қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде орындады. Атап айтқанда, 11 сынып оқушысы Аринова Сабина «Көзімнің қарасы» өлеңінің ағылшынша аудармасын «Black of my eye» мәнерлеп айтып, сол сыныптың оқушысы Нургазинова Айжан «Ғылым таппай мақтанба…» өлеңін нақышына келтіріп оқып берді. Соңынан қатысушыларға Абайдың шығармашылығымен қаншалықты таныс екендерін анықтау мақсатында қызықты сайыс-викториналар ұйымдастырылды. Нәтижесінде мектеп оқушылары асқан зеректілік көрсетті. Шара соңында қатысушылар кітапхананың сирек қорында сақталған Абай оқып, сусындаған рухани қазынамен, Абай жайлы деректер кездесетін «Записки Русского Географического общества», «Памятные книжки» басылымдарымен танысып, Абайдың әлемдік және орыс мәдениетін тануға ықпал еткен, сол жылдары қаламызға саяси жер аударылғандар, кейіннен Абайдың достары болған Е.П. Михаэлис, Н.И. Долгополов, С.С. Гросс және А.А. Леонтьев жайлы қызықты мағлұматтар алды.