Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz
Жаңалықтар
Ақп 14

«Қазақ Республикасына – 100 жыл»: кең көлемді кітап көрмесіне шолу

14 ақпан күні Абай кітапханасында  Қазақ Республикасының құрылғанына 100 жыл толуына арналған «Қазақ Республикасына – 100 жыл» тақырыбында кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты  еліміздің тарихында болған маңызды оқиғалар, экономикамыздың дамуы, отандық әдебиет пен мәдениеттің дамуын айшықтайтын кітап  қорымен таныстыру, кітапхана пайдаланушыларына қазақ елінің тарихы, еліміздің саяси-экономикалық дамуы жайындағы әдебиеттерді насихаттау.

Кітап көрмесіне шолу барысында кітапхана қызметкерлері Қазақ Республикасының  бұрынғы КСРО құрамында болған одақтас республикалардың бірі болып,  ол 1920 ж. 26 тамызда құрылғандығы туралы тарихи деректерге тоқталып, қазақ тарихында болған жаппай ашаршылық, Қазақстан 1941-1945жж. Ұлы Отан соғысы дәуірінде,  1954-1962 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеру, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы: себептері мен зардаптары т.б. маңызды оқиғаларға жан-жақты шолу жасап өтті.

2020 жылы мемлекеттілік тұрғысынан болашақ Тәуелсіз Қазақстанның іргетасына айналған КСРО құрамындағы Қазақ Республикасының (АКСР, кейін КСР) құрылғанына 100 жыл толып отыр, осыған орай шараға қатысушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.

Мәдени шара барысында Семей медициналық университетінің студенті Уатжанова Ажар Жұбан Молдағалиевтің «Мен қазақпын», «Туған елге» атты жыр жолдарынан үзінділер оқыды.

Кітап көрмесі «Қазақ Республикасының тарихы мен индустриясы», «Қазақстан ҰОС жылдарында», «Қазақ жазушылары мен өнер адамдары» атты 3 бөлімді қамтып, көрмеге кітап қорындағы тарихи оқулықтар, көркем әдебиеттер, мерзімді басылымдар беттеріндегі мақалалар мен статистикалық мәліметтер қойылып шолу жасалынды.