Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz
Жаңалықтар
Ақп 14

Абай және кітапхана: ақпараттық-танымдық сағат

14 ақпанда Абай кітапханасының мамандары ІІБ қызметкерлеріне арналған «Абай және кітапхана» ақпараттық-танымдық сағатын өткізді. Кітапхана қызметкерлері Абайдың дүниетанымын қалыптастыруға Шығыс ақындары мен ғалымдарының – Фирдоуси, Әлішер Навои, Низами, Физули, Ибн Сина, сондай-ақ орыс классиктерінің шығармаларының әсері көп болғаны туралы айтты.

Қатысушылар Абай ескерткіштері тек Қазақстанның елді мекендерінде және қалаларында ғана емес, сонымен қатар әр түрлі елдерде: Францияда, Египетте, Қытайда, Ресейде, Иранда, Өзбекстанда тұрғызылғаны жайлы  көптеген пайдалы ақпарат алды. Сондай-ақ Қазақстанда қай ескерткіш алғаш рет тұрғызылғандығы, қазақ мүсін мектебінің алғашқы негізін қалаушы Хакімжан Наурызбаев туралы деректерге қанық болды.

Іс-шара соңында кітапхана қызметкерлері  жиналғандарды «Абай әлемі» кітап сериясының жаңа басылымдарымен таныстырды. Көрермендердің назарын аударған өлкетану жинақтары, жас ақындар М.Мещеряков, М.Қарт, Б.Игілік және т.б. жас қаламгерлердің  2019 жылғы кітап сериясының екінші нөміріне ұсынылған  шығармалар топтамасы болды. Кездесу қызықты және пайдалы болды.