Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz
Жаңалықтар
Ақп 24

Әл-Фараби Шығыстың көрнекті ойшылы: ақпараттық-танымдық сағат

24 ақпан күні Абай атындағы әмбебап кітапханасының қызметкерлері Қазақ инновациялық академиясы оқытушылары мен студенттеріне арнап, «Әл-Фараби Шығыстың көрнекті ойшылы» тақырыбында ақпараттық-танымдық сағат өткізді. Іс-шара Ұлы ғұлама Абу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналды. Қатысушыларды ғалымның өмірбаяны және ғылыми қызметімен таныстырды. Әл-Фарабидің өмірбаяны негізінде жасалған аңыздар ерекше қызығушылық тудырды. Презентация түрінде оның өмірінің 10 фактісі ұсынылды мысалы: Әл-Фараби Аристотельдің барлық шығармаларына түсініктеме жазған, ағартушының музыкатануға қосқан үлесі маңызды болып саналады. Бұл бағытта ол шығыс және ежелгі грек музыкасы туралы мәліметтерді жүйелейтін «Музыка туралы үлкен кітап» шығарды.

«Ғасырлар даналығы» атты бейнебаян ғалым мен ойшылдың өмірбаяндық деректерін көрерменге толықтырып, әл-Фарабидің өмір сүрген дәуірінің тарихи және тұрмыстық бейнесін енгізді.

Шараға арнайы жасақталған кітап көрмесінен қатысушылар, әл-Фараби туралы өмірбаяндық кітаптарымен, оның философия, логика, танымдық қабілеттері, мемлекеттік-құқықтық көзқарастары, математика және басқа да ғылым салалары бойынша еңбектерімен танысып, мол танымдық мағлұмат алды. Кітап көрмесіне шолу 2020 жылы «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында жыл кітабы ретінде таңдалып алынған Әл-Фараби туралы Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» кітабы өмірбаяндық мәліметтерді толықтырды.