Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz
Жаңалықтар
Ақп 26

Әл-Фараби әлемі: дөңгелек үстел

Абай атындағы кітапхана қызметкерлері 26 ақпан  күні  2020 жылы ЮНЕСКО  көлемінде аталып өтілетін ғалым, философ Әбу-Насыр Әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдық мерейтойына арналған, «Әл-Фараби әлемі» атты тақырыпта  дөңгелек үстел ұйымдастырды. Шара барысында философия ғылымдарының кандидаты, профессор ҚазИГЗУ философия және саясаттану кафедрасының меңгерушісі М.М.Түйебаев Әл-Фараби бабамыздың өмірі мен ғылыми мұралары бойынша «Ұстаздың оралуы» тақырыбында ой қозғап,  Әл-Фарабиді қазақ топырағында танытудағы ғалым Ақжан Машанидің еңбегіне тоқталды.

Дөңгелек үстелде Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік унивеситетінің  психология педагогика кафедрасының меңгерушісі, доцент  Г.К Жұмажанова  ұлы  ойшылдың психологиялық еңбектері, ол айналысқан ғылым салалары – психология мен логика, саясат пен этика, музыка саласындағы ғылыми еңбектеріне тоқталды.

ҚР білім беру ісінің үздігі, мәдениеттанушы, ақын, сазгер Қ.Ж. Нұрқасым  ғұлама ойшылдың ең әйгілі шығармаларының бірі  “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактат” жөнінде өз ой-пікірін ортаға салды.  Семей Медицина Университетінің студенттері Ә. Фарабидің трактаттарынан үзінділер оқыды.

Шараға қала университетінің ғалымдары,   БАҚ құралдары,  университет студенттері және зиялы қауым өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел барысында Әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдық мерейтойына арнайы түсірілген деректі фильм көрсетіліп, «Дархан даланың екінші ұстазы» атты тақырыпта кітап көрмесіне шолу жасалды.