Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz
Жаңалықтар
Мам 06

Қайран өмір кітап таныстырылымы: тікелей эфир

2020 жылдың 5 мамырында Абай атындағы кітапхананың ұйымдастыруымен @semeybib инстаграм парақшасында Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті филология кафедрасының меңгерушісі, ф. ғ. к. Төлебаева Құралай Тоқтарқызымен  «Абай әлемі» сериясымен жарық көрген  Қалихан Алтынбаевтың «Қайран өмір» кітабы бойынша  тікелей эфир өткізілді.

Өзінің ғылыми дессертациясының тақырыбы болған Қалихан ақынның шығармашылығын осы басылым бетіне жинастырып ұсынған Құралай Тоқтарқызы ол жайлы көптеген деректермен бөлісті. Шығыс өңірі ақындары ішінен ғылыми зерттеуіне Алтынбаевті тақырып етуіне бірден-бір себепкер ұстазы Арап Слямұлы екенін кездесу басында айта кетті. Жарық көрген «Қайран өмір» кітабының атауы ақынның өзінің «Қайран өмір күнен күнге тамаша» дейтін өлеңінен алынғанын және осы кітапта бұрыңғы жинақта топтастырылған барлық өлең-жырларының, толғау дастандарының енгенін тілге тиек етті.

Қалихан ақынды зерттеуді 2007 жылдардан бастап қолға алғанын, осы зерттеу барысында түрлі естеліктер жинақтап, көптеген мұрағаттар мен әдеби орталармен байланыс орнатқанын және ақын көзі тірісінде қызмет еткен орындармен тығыз жұмыс жасағанын да мәлімдеді. Қазіргі таңда ақын мұрасын жинақтауды тоқтатпағанын, оның радиодағы және басқада жазбаларда сақталған дауысын іздестіру жұмыстарын жасап жатқанында айтты.

Құралай Тоқтарқызы болашақта Шығыс өңірінен шыққан ақындарды және Абайдың ақындық мектебін жалғастырушы сөз зергерлерін мектеп бағдарламасына енгізу керектігін, соны мақсат ететінін айтып баршамызға ой салды.

Байланыс барысында Алтынбаевтың алтын мұрасының әлі жарық көрмеген арнау өлеңдер тағы да басқа шығармашылығын бар екенін сөз етіп, өзі зерттемеген тұстарын студенттеріне дипломдық жұмыс ретінде ұсынып жатқанын білдік.

Сөз соңында Қалихан Алтынбаев жайлы көптеген мағұлматқа қанық қылған Құралай Тоқтарқызына алғысымызды айтып эфирімізді аяқтадық.