Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz
Жаңалықтар
Мам 22

Абайдың біз білмейтін афоризмі: тікелей эфир

21 -ші мамырда Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында Абай атындағы кітапхананың ұйымдастыруымен @semeybib инстаграм желісінде Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының магистрі Найзабаев Әлімбай Аманбайұлымен «Абайдың біз білмейтін афоризмі» атты онлайн кездесу ұйымдастырылды.

Сұхбат барысында бүгінгі тақырып аясында Абайдың қарасөздерінің философиялық дүниетанымына тоқтала отырып, Әлімбай Найзабаев өзінің іргелі еңбегінде Абайтану ғылымы мен әдеби орта мәселесін алғаш көтерушілердің бірі болып, сондай-ақ шығармашылығын жарыққа шығаруға атсалысқан Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтан бастау алатындығымен түсіндірді. Сонымен қатар 37 карасөзінде peттік санмен нөмірленген 23 афоризм бар екендігі, Абайдың қара сөзіндегі құндылықтардың қазіргі уақытта маңызын жоймағаны жайлы сүбелі әңгіме болды. 1917 жылы шыққан «Сары арқа» газеттің түпнұсқасында табылған афоризмді Абайдың 37-ші қарасөзіне толықтыруды қажет ететіндігін және Абай афоримзмі әліде болса, зерттеліп зерделене тілге тиек етті.