Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz
Жаңалықтар
Мам 27

Әкем Иса хақында: тікелей эфир

27-ші мамыр күні Абай атындағы әмбебап кітапхананың әлеуметтік желісінің  инстаграм парақшасында карантин жүйесінің әлі де сақталуына  байланысты тікелей эфир онлайн сұхбат ұйымдастырылды. Кештің басты кейіпкері Шәкәрім университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Исин Амантай Исаұлы  болды. Кешкі кездесуде Әкем Иса хақында тақырыбында әңгіме өрбіді.

Сұхбат барысында тарихшы-ғалым Амантай Исаұлы әкесі Иса Биназарұлының өмір тарихына шолу жасап ақындығымен дана Абайға жақындығы жайлы азды кем тарихи тағылымды  дүниелерді тарту етті.

Тікелей эфирдің басты мақсаты руханият дүниесіне үлес қоса отырып, өлкеміздегі зерттелмеген ақын жазушыларды ұрпақ зердесіне құйып, қажетті ақпараттарды оқырман жүрегіне жеткізу болды.

Кеш соңында Амантай Исаұлы  оқырмандары және кітапхана ұжымына алғысын білдіріп, ақ жарма тілегін жаудырды.