Фариза поэзия падишасы: поэзия сағаты.
18 қыркүйек 2013 жылы Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы өнер бөлімінің ұйымдастыруымен «Бір ел – бір кітап» акциясының аясы шеңберінде Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Фариза Оңғарсынованың поэзия шығармаларынң бірі «Дауа» атты лирикалық жыр кітабын жаппай оқу барысында Семей қалалық инновация – технологиялық колледжінде поэзия сағаты өтті
Өткізілген күні:18 қыркүйек 2013 жыл. Өткізілген орны: Семей қалалық инновациялық – технология колледжі.ШҚО Қатысушылар:колледж студенттері, оқытушылары.Қатысушылар саны: 42 адам. Шараның мақсаты:қазақ әдебиетінің шығармалық туындыларының бірі Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Фариза Оңғарсынованың поэзиясын өте қызығушылықпен оқи отырып, жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие бере отыра, оның өмірі мен шығармашылығын кеңінен әйгілеу, жастардың назарын оның еңбектерін оқуға аудару; Күтілетін нәтиже: ақынның кітапхана қорында бар еңбектеріінің алынып, оқылуына ықпал ету; Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы ел арасында аса танымал жобалардың біріне айналды.Осы акция ясында 2013 жылы, бүкіл ел болып оқып, танып, біліп-талқылайтын кезекті акцияның кітабы ретінде ақынның «Дауа» атты лирикалық жыр кітабы ұсынылды.
Бүгінде Фариза Оңғарсынова Қазақстанның ең көп оқылатын авторы болып саналады.Оның шығармашылығының негізгі тақырыптары – сүйіспеншілік пен жек көрушілік, ерлік пен қорқақтық, жақсылық пен жамандық. Өзінің көптеген өлеңдерін ақын туған ауылына, жерлестеріне және бүкіл қазақстандықтарға арнады. Фариза Оңғарсынованың шығармаларына әлеуметтік пен азаматтық тән, ақын жырлары отансүйгіштік рухты оятып, туған халқын сүюге, құрметтеуге, оның дәстүрлері мен мәдениетін қастерлеуге шақырады. Ақын әйелдер жанының кұпиясын, арманын, махаббатын көп жазады. Ол сезім күйлерін шертуге, Әлия мен Мәншүктің тағдыры мен трагедиясына дастандар арнады. Ақын жырында әйелдер бейнесінің көңіл күйі дауылды сезім болып жырланады, тек жай жырлау емес, қазіргі замана талабының биік өрісіне лайықтап жырлау – Фариза туындыларының бір қыры. . Фариза Оңғарсынова әлі күнге қазақстандық поэзияның дамуына өз үлесін қосуда: ол «Тұмар» атты республикалық-көркем журналдың бас редакторы болып табылады, сонымен қатар жас талантты әдебиетшілерді қолдайды.
18 қыркүйек 2013 жылы Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы өнер бөлімінің ұйымдастыруымен «Бір ел – бір кітап» акциясының аясы шеңберінде Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Фариза Оңғарсынованың поэзия шығармаларынң бірі «Дауа» атты лирикалық жыр кітабын жаппай оқу барысында Семей қалалық инновация – технологиялық колледжінде поэзия сағаты өтті.Шара барысында «Фариза – поэзия шамшырағы атты көркемделген кітап көрмесі жасақталып, ұйымдастырылды.Көрмеге қазақтың ақын қызының өмірі мен қызметі туралы кітаптар, поэзиялық шығармалары ол туралы лебіздер, фотоматериалдар, буклеттер қойылды. Көрмеге 10 әдебиет пен 18 мерзімді басылымдар және Ғаламтордан материалдар қойылды. Атап айтр болсақ: ақынынң поэзиялық шығармалары «Шашы ағарған қыз», «Нежность», «Тревоги» , «Алмазный клинок» «Дауа», «Гончая птица» «Озарение» жйне «Полдневный жар» т.б.